Үш өңірде өзендегі су деңгейі көтеріледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үш өңірде өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9-11 мамыр аралығында нөсер жауын жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты Түркістан, Алматы облыстарының және Алматы қаласының таулы аймақтарында беткейде су ағыны пайда болуы мүмкін. Салдарынан өзендерде су деңгейі көтеріледі.