Үш өңірде трассалар жабылды - ҚазАвтоЖол

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 өңірде автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында «Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный-Қостанай» тасжолының Т.Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабық.

Қарағанды облысында «Екатеринбург – Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қостанай облысында «Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай» тасжолының Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.