Шекара қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек авто» бөлімшесінде көрші мемлекетке жаяу өтіп бара жатқан өзбекстандық үш азаматты ұсталған. Олардың қол жүктерінен декларацияда көрсетілмеген 234 құты «Today» иіссу табылды.
Еліміздің шығысын күзететін шекарашыларда заңсыз мүлікті тәркіледі. «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының шекарашылары уақытша жұмыс істемей тұрған терминалдардың бірінен жалпы салмағы 3 центнерден астам 8 қапқа салынған халық тұтынатын тауарларды (әйелдер киімдерін) тауып алды. Заңсыз мүліктің иесі анықталмады.
Қазір аталған оқиға бойынша құқық қорғау және кеден органдарының қызметкерлері тергеу жүргізуде.