Үш рет жай түссе де, аман қалды

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Солтүстік Каролина тұрғыны Боб Эдвардс үшінші рет найзағай соқса да, дін аман қалды.

 Дегенмен ол өзін жолы болғыш санамайды.

Нөсерлі жауын кезінде Шарлотта қаласының шағын дәмханаларының бірінен шығып, көлігіне беттеген оған жай түскен. «Мен өте күшті күлгін жарық сәулені көрдім әрі кеудемнен біреу балғамен соққандай болды», - дейді ол. Есінен танып құлаған Эдвардс сәл уақыттан кейін бойын жинап, еңбектеген күйі жақын маңдағы дәмхананың есігін қағып, көмек сұраған.

Оның айтуынша, найзағай оны осымен үшінші мәрте соққан. Алғаш рет 1997 жылы жай түсіп жапа шеккен ол, дәл сондай сәтті 2009 жылы Йорк қаласында басынан өткерген.