«Индонгомен айқас өтпейтін болды, ол Теренс Кроуфордпен жұдырықтасады. Ал, бізге қарсыласты IBF тағайындайды. Біз жекпе-жектің тамыз айында өтетінін жоспарлаудамыз», - деді Липинецтің менеджері Алекс Вайсфельд ТАСС-қа берген сұхбатында.
Липинец IBF белбеуіне міндетті үміткерлердің бірі саналады. Индонго оны 2016 жылдың желтоқсан айында Эдуард Трояновскийді нокаутқа жіберіп, жеңіп алған болатын.
Еске салайық, Ресейдің намысын қорғап жүрген Липинец - Ақтөбе облысы Мәртөк кентінің тумасы.