Бүгін түнде Каспий теңізіне 24 жастағы жігіт батып кетті. Оның денесін ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы ТЖД судан құтқару қызметі (3 адам және І бірлік техника) судан шығарып алды.
Жұма күні, 7 маусымда Алматы облысының Алмалыбақ кентінде жасанды су қоймасына 16 жастағы жасөспірім батып кетті. Оның денесі ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД судан құтқару қызметінің (12 адам және 2 бірлік техника) күшімен судан шығарылып алынды.
Өскеменде Самар тасжолы ауданындағы қазаншұңқырға 17 жастағы жасөспірім суға кетті. Оның денесін ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД судан құтқару қызметі (3 адам және 1 бірлік техника) шығарып алды.
Сол күні Қызылорда облысындағы «Аша» арнасына 31 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның денесін ҚР ТЖМ Қызылорда облысы ТЖД судан құтқару күштері (4 адам және 1 бірлік техника) іздестіруде.