Үш жасар бала сегізінші қабаттан құлап, аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан қаласында үш жасар бала сегізінші қабаттан құлап, аман қалды. Ресей ТЖМ ММ баспасөз қызметінің басшысы Марат Рахматуллин хабарлағандай, бала 15 қабатты тұрғын үйдің қосалқы құрылысының шатырына құлаған, жылап жатқан баланы өрттен қорғау қызметкерлері сатыны пайдаланып шатырдан түсіріп алды.

Жедел жәрдем дәрігерлері бүлдіршінді Балалар республикалық клиникалық ауруханасына жеткізді, алдын ала тексеру оның қолы сынғанын, миы шайқалғанын анықтады. Куәгерлердің айтуынша, терезедегі москитті торға сүйенген бала құлап кеткен.