Кішкентай баламен жолда істен шыққан көлікте қалып қойған Астана тұрғыны полиция мен жол қызметінің қызметкерлеріне алғысын білдірді
«3 қаңтарда елордада тұратын отбасы Toyota Camry автокөлігімен Көкшетау қаласынан үйіне қайтып бара жатты. Көлікте ата-анасымен бірге үш жасар қыз бала болған. Жолдың ортасында көліктің қозғалтқышы істен шықты. Полиция қызметкерлері көлікті жақын маңдағы елді мекенге жеткізіп, отбасын жатын орынмен қамтамасыз етті», - деп жазды ведомстводан.