Үш жасар қызды жерлеп жатқанда тіріліп кетті - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппинде үш жастағы қызды жер қойнына тапсырып жатқанда тіріліп кетті. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, жұма күні қыз баланың қызуы көтеріліп, қатты ауырғаннан кейін жергілікті ауруханаға жеткізілген. Сенбіде дәрігерлер баланың жан тәсілім еткенін тіркеген. Жексенбі күні ақтық сапарға шығарып салу кезінде көршілердің бірі табытта жатқан қыздың қимылдағанын байқайды. Тамырын ұстап, тексергеннен соң, оның тірі екені анықталады. Жедел ауруханаға жеткізілген сәби тексерулерден өткізілгеннен кейін үйіне қайтарылып, қазір ата-анасы мен мейірбикелердің қарауында. Бүлдіршіннің ендігі денсаулығы үшін білікті дәрігерлер іздестіріліп отырған көрінеді.