Бұл туралы РИА Новости жазады.
Қайғылы жағдай сейсенбі күні Пейсон қаласында болған. Ағалы-інілі екі бала көрші үйдің қонақ бөлмесінде ойнап отырған. Онда оларды анасы ертіп әкелген.
Балалардың үлкені сол үйден тапанша тауып алған соң олар басқа бөлмеге барған. Үш жасар бала абайсызда тапаншаның шүріппесін басып қалып, оқ інісінің басына тиген.
Бір жарым жастағы бала ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көп ұзамай жан тапсырды.