Қазіргі кезде оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, 1959 жылғы О.К.Ошлаков ірі көлемдегі ақшаны қайтармаған «Чиванин» атты ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісінен кек алу мақсатында оны өлтіруге тапсырыс берген. Чиваниннің өлі денесі 2001 жылы Алматыдағы үйдің кіреберісінен табылған.
Алматы қаласының Ішкі істер департаменті мен Ресей құқық қорғаушыларының бірлескен іс-шаралары нәтижесінде қандықол қылмыскер Ошлаков Мәскеу қаласында ұсталды. Қазіргі кезде оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.