құбырдан мұнайды заңсыз ұрлаумен айналысқан 54 қылмыстық топтың жолын кесті. Осыған байланысты 150 адам ұсталған.
«Semser Security» ЖШС бас директорының орынбасары Амангелді Құрманғалиевтің сөзіне қарағанда, биыл мұнай заңсыз тасымалданған 80-нен астам көлік анықталды. Бұл көліктердегі мұнай сыйымдылығы 30-40 тоннаға жетеді. «2005 жылдан бері мұнайды құбырдан заңсыз тасымалдайтын көліктер саны артып отыр», - деді ол
Атап айтқанда, осы бағытта қылмыс жасайтын азаматтардың барлығы соңғы буынды байланыс техникаларымен және басқа да жаңа үлгідегі құралдарымен жабдықталған. Сондықтан оларды құрықтау шаралары көбінесе қиынға түсетін көрінеді.
«Олар негізгі құбырға өздерінің желісін қосуға келгенде кәсіби дәнекерлеушілерді жалдайды. Яғни, бұл дәнекерлеушілер 40 минуттың ішінде өздерінің қондырғыларын орнатып үлгереді»,- деді А. Құрманғалиев. Ал өз кезегінде магистральді құбырдағы аталған заңсыз қосылған көлденең құбырлардың салдарын жоюға 2 күнге дейін уақыт кетеді екен.
«Жаңа заңда қарастырылған баптар бұл саладағы қылмысқа тосқауыл қоюға мүмкіндік береді деген ойдамыз»,- деп түйіндеді сөзін А. Құрманғалиев. Айта кетейік, биылғы 16 қазанда «Мұнай және мұнай өнімдерінің жеке түрлері айналымы саласында жауапкершілікті күшейту жөнінде кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қолданысқа енгізілді.
21 қарашада Қарағанды облысында Ұлттық қауіпсіздігі комитетінің қатысуымен мұнай ұрлығына қатысты 4 адам ұсталды және мұнай тасуға арналған 4 көлік тәркіленді. «Оларды құрықтау кезінде атыс қаруын қолдану фактісі тіркеліп отыр. Алдын ала келіп түскен мәліметтерге қарағанда, бір адам жараланған»,-деді директордың орынбасары.
Ал Шымкентте құбырдың жанынан жанар-жағармай құю стансысы салынған. Бұл стансыдан арнайы тартылған құбыр «ҚазмұнайГаз» құбырына қосылған. Осы мүмкіндікті пайдаланып, аталмыш стансы арқылы мұнай заңсыз тасымалданып отырған. «Бұл қылмыс биылғы қыркүйек айында анықталды. Сондай-ақ дәл осындай жанар-жағармай құю стансысы Сайрамда белгілі болды. Оған қатысы бар азаматтар ұсталды»,- деді А. Құрманғалиев.
Сонымен қатар таяуда мұнайды құбырдан заңсыз тасымалдауға қатысты оқиға Ақтөбе облысында да анықталды. «Қазіргі кезде осыған байланысты іс тергеліп жатыр»,-деді ол.
«Бұлар ұйымдасқан қылмыс санатында болғандықтан, сондықтан жаңа заңға сәйкес жауапқа тарту мезімі 10 жылға дейін қарастырылған»,- деп атап өтті директордың орынбасары.