— Ештеңе керек емес. Біз қазақтар қонақжай, жайдары халықпыз, бәрін өзіміз жасаймыз. Емдеу, тамақтану, киіндіру тағы сол сияқты, бәрі жақсы болады, — деп қысқа қайырды Қанат Бозымбаев Ақтауда ұшақ апатына қатысты өткен брифингіде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Одан бөлек, вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебіне қатысты түсінік берді.
Сонымен қатар, Ақтау маңындағы ұшақ құлаған жерден тағы бір қара жәшік табылғаны белгілі болды.
Айта кетейік, Ресей мен Әзербайжан ұшақ апатын зерттейтін криминалистикалық тергеуге жіберілмейді.