Бас көлік прокуроры Ақтауға барды

АСТАНА. KAZINFORM – Бас прокуратура Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе компаниясының әуе кемесі апатқа ұшырау фактісі бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын хабарлады.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Оның құрамына Көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді.

Оқиға орнына үкіметтік комиссия құрамында елдің Бас көлік прокуроры барды.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше бақылауында.

Айта кетейік, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.

Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды.

Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды.

ҚР Көлік министрлігі мәлім еткендей, Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының тізімі жарияланды.

Ақтаудағы маңындағы ұшақ апатқа ұшыраған оқиға орнына бірнеше құқық қорғау органдарының өкілі жіберілді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.