«Қалай десек те, ұшақ неліктен құлады? Тәулікке жуық уақыттың ішінде біз жұмыста отырып күні-түні режімде сарапшылардың түрлі пікірлерін естиміз. Сіздерді Президенттің, Премьер-Министрдің тапсырмасы бар екендігіне сендіргім келеді. Комиссия жұмыс істеп жатыр, Мемлекеттік комиссияның барлық мүшелері кеше бірден Алматыға ұшып кетті. Барлығы жұмылдырылды, жедел тергеу тобы бар. Сондықтан меніңше, күні бұрын қандай да бір тұжырым жасау дұрыс емес. Күту қажет», - деді вице-министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Осы орайда ол бүгін кешкі сағат 18:40-та Алматыға Мәскеуден халықаралық сарапшы ұшып келетіндігін айтты.
«Ертең инспекторымызбен бірге қара жәшікті Мәскеуге жібереміз. Алдын ала түсініктемелер мен сарапшылардың пікірлері кедергі келтіріп қана қоймай, халыққа ақпаратты белгілі бір деңгейде теріс жеткізетіндігін де атап өткім келеді», - деді Берік Камалиев.