Мәлімдемеде бұл шешімнің ақтық ойынға жетіп, олжадан бас тартқан «Атлетико Насьональ» клубының өтініші негізінде қабылданғаны айтылған. Жеңімпаздар жүлде ретінде екі миллион доллар алады, ал вице-чемпиондар күміс медальдар мен бір миллион долларға ие болады.
«Шапекоэнсе» өз тарихында алғаш рет финалға шығып, Судамерикана кубогын алды.
Алғашқы финалдық матч 1 желтоқсанға жоспарланған еді, алайда бразилиялық команда отырған ұшақ қарашаның 30-ына қараған күні Колумбия аумағына құлады. Қаза тапқан 71 жолаушының 19-ы футболшылар. Үш футболшы, екі экипаж мүшесі және журналист аман қалды. Апаттың нақты себебі әлі анықталған жоқ.