Ұшақ апатынан 128 адам қаза тапқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжирдің шығысында, Умм-эль-Баваки қаласы маңында С-130 «Геркулес» атты әскери ұшақтың апатқа ұшырауынан 128 адам қаза тапты, деп жазады Утро.ру.

Апаттан аман қалған бір адам ауруханаға жатқызылды. Әуе көлігінде алжирлік әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері болған. Қазіргі кезде оқиға орнында өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен құтқарушылар жұмыстар жүргізуде.

Ұшақ Варкале провинциясынан ұшып шығып, елдің солтүстік-шығысында орналасқан Константина қаласының әуежайына бет алып бара жатқан.

Алдын-ала берілген мәліметтерге қарағанда, лайнердің апатқа ұшырауының басты себебі осы өңірде соңғы күндері қатты желдің тынбай соғып тұруынан, деген болжам бар.