Ұшақ апатынан 8 адам ажал құшты, ішінде 4 бала бар
17:15, 09 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Германияда екі ұшақ соғылып, 8 адам көз жұмды. Бір адам із-түссіз жоғалып кеткен.
Құрбан болғандардың қатарында 4 бала бар. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, оқыс оқиға Франкфурт қаласының маңында болған. Шағын ұшақтар көкте соқтығысып, жерге құлаған. Әзірге апат себебі белгісіз. Бір анығы, сарапшылар әуе техникаларының қақтығысуына ауа райының еш қатысы жоқтығын айтып отыр, деп хабарлайды 24.kz.