Данилоға сауалнамаға қатысушылардың 48 пайызы дауыс берген, деп нақтылайды ТАСС.
Ойыншылар, жаттықтырушылар мен дәрігерлер бар «Шапекоэнсе» бразилиялық футбол командасының ұшағы 28 қараша күні Колумбиядағы Медельин қаласына ұшып бара жатқанда апатқа ұшыраған. 30 қараша күні Оңтүстік Америка Кубогының аясында "Шапекоэнсе" мен "Атлетико Насьональ" арасында финалдық ойын өтуі тиіс еді. Кейіннен Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының (КОНМЕБОЛ) шешімімен кубок «Шапекоэнсе» командасына берілді.