Ұшақ Коауила штатының әкімшілік орталығы Сальтильо қаласында апатты болды. Әуе кемесі бір кәсіпорынның маңында жерге құлаған. Абырой болғанда осы күні адамдар зауытқа жұмысқа шықпаған көрінеді.
Қаза болғандардың барлығы да ұшақ бортындағы жолаушылар. Олардың арасында жергілікті радиожүргізушісі Антонио Давила бар. Бұл қайғылы оқиғаның нақты себептері анықталған жоқ. Мамандардың пікірінше, қиын метеожағдайдағы ұшқыштың қателІгі осы апатқа себеп болуы мүмкін.