Ұшақ апатының салдарынан Нью-Йорк әуежайы уақытша жабылды

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі Ла Гардия әуежайында Southwest Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 жолаушылар ұшағының алдыңғы шассиі істен шықты.

Әуе кемесінде 149 адам болған, олардың 11-і жеңіл деңгейде жарақаттанды. Бұл туралы РБК хабарлады.

Басқа ақпарат көздерінің деректеріне қарағанда, апат салдарынан 8 адам жапа шеккен. Әкімшілік қызметкерлері әуежайды уақытша жауып отыр.

Қазіргі таңда әуежай мамандары мен қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Алдын ала болжамдарға сүйенсек, әуе кемесі шассиінің алдыңғы тірегі сынған.

Ла Гардия әуежайы Нью-Йорктің солтүстігінде орналасқан.