Ұшақ арқылы түрмеге есірткі жеткізіп келген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Виктория штатында полиция Мельбурн түрмесіндегілерді ұшқышсыз басқарылатын ұшақ арқылы есірткімен қамтамасыз етіп келген деген күдікпен ер адамды ұстады.

Жексенбі күні пенитенциарлық мекемеде есірткі салынған төрт моторлы шағын ұшақ табылған. Есірткі сақтап әрі оны өткізіп келген деген күдікпен 28 жастағы ер адам тұтқынға алынды, деп хабарлайды BBC Орыс қызметі.