Ұшақ әуежайға жексенбі күні таңертең келген. Қонғаннан соң әуе компаниясының қызметкерлері әуежай қауіпсіздігі қызметіне ұшақтағы әжетханалардың бірінің қаптамасы түсініксіз болып тұрғанын мәлім еткен.
Тексере келгенде оның ішіне салмағы бірнеше ондағанкелі тартатын алтын құймалардың жасырылғаны анықталды, деп хабарлайды NHK телеарнасы.
Қазіргі уақытта қауіпсіздік қызметі осыншама алтынды кімнің, қай уақытта тыққандығын тексеріп жатыр.