Ұшақ бортында шылым шеккендерге 126 мың теңге айыппұл салынады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың мамыр айынан бастап ұшақ бортында шылым шеккен 26 жолаушыға айыппұл салынған. Қазір уақытты айыппұл көлемі 126,2 мың теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат

2019 жылдың сәуір айында ҚР Әкімшілік құқық бұзушыл туралы кодекстің «Темекі өнімдері мен электронды темекіні жеке қоғам орындардатұтынуға тыйымды бұзу» 441 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Түзетулерге сәйкес Қазақстанда ұшақ бортында шылым шеккені үшін айыппұл мөлшері50 АЕК-ті құрады, бұл 126 250 теңге. 2015 жылы аталмышш айппыұл 3 АЕК (5 946теңге) ғана болған. Жаңа ережелер бойынша 2019 жылғы мамыр айынан бастап 26жолаушыға шылым шеккені үшін айыппұл салынған.

«2018 жылы 2015 жылмен салыстырғанда «Эйр Астана»бортында темекі шеккен жолаушылардың саны 34% өсіп кеткен, бұл 123 оқиғадан166-қа дейін. Ең жиі мұндай бұзушылық Алматы мен Ыстанбұл, Алматы мен Мәскеужәне Алматы мен Киев арасындағы рейстерде орын алады», деп хабарлайды компания.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы ұшақ ішінде қауіпсіздікережелерін сақтау керектігі жөнінде жолаушыларды ескертеді.

«Ұшу қауіпсіздігі компанияның ең басты құндылығы болыпесептеледі. Ұшақ бортында ережелерді бұзғаны үшін барған елдің заңына сәйкесшара қолдануға жолаушылар құқық қорғау органдарына тапсырылады», делінгенхабарламада.

Айта кетерлігі, басқа елдерде осыған қатысты заңы біршамақатал. Ол әуе кемесінің бортында шылым шегу қоғамдық жерде шылым шегумен теңелестірілмейді,заң бұзушылық қатарына жатқызылады. Мысалы, Ұлыбританияда ұшақ бортында шылымшеккендерге 2 500 фунт (1,1 млн теңге) айыппұлқарастырылса, Жапонияда айыппұл 500 мың иен (1,8 млн теңге).

Соңғы жаңалықтар