Ұшақ бортында жолаушылар төбелесіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сиднейден Пхукетке бет алған австралиялық лоукостер «Jetstar Airways» бортындағы жолаушылардың төбелесі кесірінен мәжбүрлі түрде Индонезияға қонды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

«Бірге ұшқан алты адам өзара келіспей, дөрекі қылық танытты», делінген әуе компания хабарламасында.

Әуе кемесінің капитаны жоспарланбаған Бали әуежайына қонуға шешім қабылдап, айқайшыларды жергілікті полиция қолына тапсырған.

Австралиялық БАҚ оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Sydney Morning erald» сайты рейс жолаушысының сөзін келтіре отырып, бортта төбелес болғанын, коньяк шөлмегінің сынғанын жазды.

«Фейсбук» қолданушысы Меган Уилсон бірнеше достарының сол рейспен ұшқанын, жойқын төбелес болып, әйелдер мен балалардың жылағанын, жан-жаққа қан шашырағанын жазды.

Денпасар әуежайында екі сағат болған ұшақ ары қарай Пхукетке жөнелді.