Ол аймақ астанасынан Мысырдың Хургаду курорттық қаласына рейсті жүзеге асыратын Boeing ұшағының двигателіне жасырынып қалған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. «Құпия жолаушы» ұшақ әуеге көтерілмес бұрын оны тексеру кезінде табылған. «Оны сұрақтардың астына алғанымыз еш нәтиже бермеді. Себебі, ер адам ешнәрсе түсіндіре алатын күйде емес еді. Біз оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдық. Қазір қолымызда медициналық сараптама нәтижелері болмағандықтан, бұл азаматтың ішімдік ішіп немесе есірткі шегіп алған күйде болған-болмағандығын айта алмаймыз», - деді прокуратура қызметкерлері. Оқиғадан соң ұшақ Хургадуға ұшып кеткен, оған еш зақым келмеген. Сондай-ақ әуежайда авиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуы да тексерілуде, одан кейін аэровокзалдың лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданбақ.
05:12, 08 Тамыз 2014
Ұшақ двигателіне жасырынып Мысырға ұшпақ болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Кемеров қаласының көлік прокуратурасы 35 жастағы ер адамның Алексей Леонов атындағы әуежайға заңсыз енуі фактісіне қатысты тексеру жүргізуде.