Ұшақ компанияда 75 жыл жұмыс істеген механиктің есімімен аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - American Airlines әуе тасымалдаушысы өзінің жаңа Boeing 777-ін компанияда 75 жыл жұмыс істеген механик Азриэел Блэкманның есімімен атады.

Компания басшылығы Азриэлдің жұмысына деген адалдығына осылайша алғыс білдіргісі келді, деп хабарлайды life.ru.

Ұшақ таныстырылымының салтанатты шарасы Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайында өтті. Simply The Best әнінің әуенімен  ұшақ үстіне жабылған мата ашылғаннан кейін,  91 жастағы механик «боингтегі» өзінің есімі мен қолтаңбасын көрді.

Азриэл сондай-ақ, «әуе компаниясында ең ұзақ жұмыс істеген қызметкер» ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.