ОРАЛ. KAZINFORM – Алматыдан Оралға бет алған «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағында өзін жайсыз сезінген екі жолаушы Оралдағы ауруханаға жеткізілді.
Аталмыш ұшақ М.Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайына 30 сәуір күні сағат 22.25-те қонған.
Жолаушылардың сөзіне қарағанда, ұшу кезінде екі адамның қызуы көтеріліп, құсқан.
БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, кеше түнде ресейлік екі азамат осында жеткізілген.
«Анамнез, эпиданамнез алынып, дәрігерлер қарағаннан кейін аталған екі адамнан тырысқақ анықталмады. Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. Олар Саратов облысындағы тұрғылықты мекенжайына аттанып кетті», деді Н.Ахметова.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралға бет алған ұшақта жүрегі ұстаған жолаушыға көмектескен дәрігердің кім екені анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).