«РФ Тергеу комитетінің Уральск тергеу басқармасы қызметкерлері ұшақ бортында ішіп алып шу шығарған Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол РФ Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша тергеуге алынды», - деп жазылған басқарма сайтында.
Ведомство ақпаратына сәйкес, ұшақта шу шығарған қазақстандық азамат 19-20 ақпанда Екатеринбург-Пхукет бағытында AZUR air әуекомпаниясының ұшақ бортында бәйәдеп сөздер айтып, бортсеріктер мен экипаж мүшелерінің ескертуін құлағына да ілмеген.