28 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайындағы желілік полиция бөліміне «Эйр Астана» АҚ әуе компаниясы өкілінен «Тбилиси-Нұр-Сұлтан» әуе рейсіндегі құқық бұзушы туралы хабарлама келіп түсті.
Тексеру барысында көлік полицейлері әуе бортында шылым шеккен Әзербайжан Республикасының 29 жастағы азаматын тапты. Әуе рейсі командирінің актісімен жолаушы рейстен түсірілді.
Аталған факт бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің «Жекелеген қоғамдық орындарда шылым шегу тыйымын бұзу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әзербайжан Республикасының азаматына 63 125 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жыл басынан бері еліміздегі көлік полициясы 28 933 адамды әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін, оның ішінде 2033 адамды шылым шеккені үшін жауапқа тартқан.