08:37, 03 Ақпан 2009
Ұшақта темекі шеккені үшін Судан тұрғынына дүре соғылды
ХАРТУМ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат – Ұшақта темекі шеккені үшін Судан тұрғынына 30 дүре соғылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме жасап. Ұшақ бортында әлгі азаматқа темекіні сөндіру туралы өтініш айтылған, бірақ ол өтінішті орындаудан бас тартқан. Әуежайда оны полиция ұстаған. Осындай жолмен жазаланған әлгі азамат енді никотинге тәуелділіктен емделу курсын қабылдауда.