«Әуе керосинінің қалған бөлігі Ресей аумағынан қымбат бағаға жеткізіледі. Себебі тасымалдау шығындары бар. Келесі жылы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, сол кезде керосиннің барлығы, ол шамамен 800 мың тоннасы өз жерімізде өндіріледі», - деді Қасымбек Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, бүгінде азаматтық авиация саласындағы жолаушылар мен жүктер тасымалы артып келеді.