Ұшақтарда смартфондар мен фотоаппараттарға арналған аккумуляторларды өткізуге тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат ­ - Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (International Civil Aviation Organization, ICAO) жолаушылар ұшағында литий-иондық аккумуляторларды тасымалдауға тыйым салды, деп хабарлады Рейтер агенттігі.

Фотоаппараттарда, смартфондар мен өзге де электроникада пайдаланылатын аккумуляторларды ұшақ бортына өткізуге тыйым салынуына өрттің шығу қаупі себеп болды. Осыған дейін көбіне сағаттарда қолданылатын қайтып қуат алмайтын литий-металл батареяларды ұшақ бортына өткізуге тыйым салынған, деп хабарлады РИА Новости .

Шешім 2016 жылы 1 сәуірден күшіне енеді.

ICAO қатысушы 191 елде тыйым салу міндеттеледі.