«Блумбергтің» Түркияның жоғары шенді шенеунігінің айтқанына сілтеме жасау арқылы хабарлауынша, әскери ұшқыштар Сирия шекарасының маңында қамауға алынған. Ресей мен Түркия арасында салқындық өткен жылдың 24 қарашасында Түркияның жойғыш ұшағы Сирияның шекарасы жанында Ресейдің бомбалаушы ұшағын атып түсіргеннен кейін басталған-ды. Ресей басшысы бұл оқиғаны «ту сыртынан жасаған соққы» деп атады. Осы жағдайдан соң Ресей тарапы Түркияға бірқатар экономикалық шектеулер қойды. Бұдан түрік ағайындар кәдімгідей зиян шекті. Қазір екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс қайта қалпына келе бастағандай.
06:54, 20 Шілде 2016
Ұшақты атып түсіргендер қамауға алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия билігі өткен жылдың қарашасында Ресейдің бомбалаушы Су-24 ұшағын атып түсірген екі ұшқышты қамауға алды.