Ұшақты «Домодедово» әуежайына қондырған экипаж командирі ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің 'Домодедово' әуежайында күтпеген оқиға орын алды.

Life News хабарлағандай, "Глобус" әуе компаниясына қарасты әуе кемесінің ұшқышы 43 жастағы Андрей Макаров лайнерді әуежайға қондырғаннан кейін, өзін-өзі жайсыз сезініп, әуе айлағының медициналық пунктіне жүгінген.

Дәрігерлер оны ұшақ кабинасынан алып кетті. Алайда олар әуе ұшақ командирінің өмірін сақтап қала алмады: оның тамырында қан ұйып қалған.