Бортында 142 жолаушысы бар Нью-Йорк маңындағы Уэстчестер өлкесі әуежайынан ұшып шыққан А-320 ұшағы құспен соқтығысып, әуежайға кері қайтуға мәжбүр болды. Айта кетерлігі, тосын оқиға салдарынан жолаушылар мен ұшақ экипажы мүшелері зардап шеккен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпан күні American Airlines әуекомпаниясының Даллас қаласынан ұшып шыққан McDonnell Douglas MD-80 ұшағы құстарға соқтығысып, әуежайға қайтуға мәжбүр болған. Ол кезде де әуе кемесі бортындағы 123 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі зардап шекпеген еді.