Үшарал — Достық автожолы көліктің барлық түрлері үшін жабылды

Фото: Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Алакөл ауданында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

ТЖМ мәліметінше 4 қаңтар сағат 09:30 — дан бастап Жетісу облысында ауа райының нашарлауына (боран, көру мүмкіндігі шектеулі) байланысты «Үшарал-Достық» автожолында (84-164 км, Көктұма станциясы — Достық ауылы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізушілерге ескертулерге құлақ асып, қолайсыз ауа райында сапарға шықпауды ескертеді.

Еске салайық осыған дейін Жетісу облысында жоғалып кеткен малшының табылғанын және Астана — Щучье бағытында жол қозғалысына шектеу қойылғанын жазғанбыз.