Ұлттық оператор бүгін сағат 18.00-дегі ахуал бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысының «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі 84-184 шақырым аралығындағы учаскеде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
«Осы уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп, ұстауға 580 техника және 1129 жол маманы жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.