«Үшарал-Достық» тасжолында қар құрсауында қалған 12 жүк көлігі шығарылды

Фото: видеодан алынған скрин

Бүгін «Қазавтожол» жолшыларының көмегімен «Үшарал-Достық» трассасында қар құрсауында қалған 12 жүк көлігі шығарылды, деп хабарлайды Kazinform.

Жүргізушілер ТЖД қызметкерлерімен боран басталғанға дейін эвакуацияланды.

- Жолшылар жүк көліктерінің иелерін тауып, жолда қалған автомобильдерді қардан сүйреп шығарды. Қалған көлік құралдарының иелерін іздестіру жалғасып жатыр, - деп жазды «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.