Бүгін «Қазавтожол» жолшыларының көмегімен «Үшарал-Достық» трассасында қар құрсауында қалған 12 жүк көлігі шығарылды, деп хабарлайды Kazinform.
Жүргізушілер ТЖД қызметкерлерімен боран басталғанға дейін эвакуацияланды.
- Жолшылар жүк көліктерінің иелерін тауып, жолда қалған автомобильдерді қардан сүйреп шығарды. Қалған көлік құралдарының иелерін іздестіру жалғасып жатыр, - деп жазды «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.