Үшарал-Достық автожолы барлық көліктер үшін жабық

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы Үшарал-Достық автожолы барлық көліктер үшін жабық. Бұл туралф бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) Үшарал-Достық автомагистралінің (83-184 километрі), «Көктума» және «Достық» станцияларына дейін аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды»,-делінген хабарламада.