«Үшарал-Достық» автожолы жабық

None
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Алматы облысындағы республикалық жолдың көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, қазіргі кезде «Үшарал-Достық» автожолының 0-164 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалысы үшін жабық тұр.

«Қазақавтожол» РМК-да автокөлік жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.