«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 9 ақпан күнгі сағат 19.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығы (боран, жел) және жолдың нашар көрінуі салдарынан Алматы облысында

«Үшарал - Достық» автожолында (0-184 км) автокөліктің барлық түрлері үшін жол жүруге тыйым салынды, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн деген ескерту жасады..

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 444-777. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.

            «Қазақавтожол» РМК диспетчерлік қызметтерінің байланыс телефондары:

Ақмола облысы  /7162/ 77-10-15

Алматы облысы  /7272/ 95-80-09, 95-88-74

Ақтөбе облысы  /7132/54-46-42, 54-40-36

Атырау облысы  /7122/ 29-01-44, 29-21-80

Шығыс Қазақстан облысы  /7232/ 26-28-08, 24-08-98

Жамбыл облысы  /7262/ 31-50-83, 31-60-05

Батыс Қазақстан облысы  /7112/ 51-08-80, 51-06-10

Қарағанды облысы  /7212/ 73-40-01

Қостанай облысы  /7142/ 55-82-25, 55-82-30

Қызылорда облысы  /7242/ 27-64-85, 27-77-06

Маңғыстау облысы  /7292/ 60-53-06, 60-53-07

Павлодар облысы  /7182/ 57-09-44

Солтүстік Қазақстан облысы  /7152/ 36-74-39

Оңтүстік Қазақстан облысы  /7252/ 55-80-95