«Үшарал-Достық» автожолының учаскесі ашылды

None
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін «Үшарал-Достық» автожолында көлік қозғалысы жанданды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, Алматы облысы аумағында боранға байланысты 26 желтоқсаннан бастап «Үшарал-Достық» автожолының 90-150 шақырымы аралығында көліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынған болатын. Бүгін сағат 13:00-ден бастап бұл жол учаскесі ашылып, көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.