Оқиға «Үшарал-Достық» тасжолының 43-ші шақырымында болды. Тамыздың 19-нан 20-сына қараған түні «Toyota Land Cruiser Prado» көлігі аударылып, ішіндегі екі ер азамат оқиға орнында көз жұмды. Ал үшінші адамның екі аяғы бірдей сынған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды.