Үшарал - Достық учаскесінде көлік қозғалысы жанданды - ККМ

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Үшарал - Достық учаскесінде көлік қозғалысы жанданды, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 30 желтоқсанның 15.00 сағатта Алматы облысының Үшарал - Достық учаскесінде көліктердің қозғалысы шектелген еді.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында ауа температурасы 30 градусқа, ал кейбір жерлерде 35-38 градусқа дейін төмендейтінін хабарлайды.

Сондай-ақ, автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн екендігі ескертеді.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат күнделікті www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.