Облыс әкімі Алмас Әбдинов тұрғындарды қоныс тоймен және жаңа жылмен құттықтады. Ол сондай-ақ тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі екенін, осыған орай өңірде қажетті шаралар қолға алынып жатқанын тілге тиек етті.
– 2023 жылдың басында Алакөлдегі 40 отбасы баспаналы болса, қазір тағы 60 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Бұл өңірдегі елеулі оқиға, - деп атап өткен әкім баспаналы болған қуаныш иелеріне көптен күткен пәтердің кілтін табыс етті.
Айтпақшы, Алакөл ауданында 1 646 адам баспана кезегінде тұрса, енді олардың саны 60 отбасыға азайды. Бес қабатты ғимаратта бір және екі бөлмелі 15, үш бөлмелі 30 пәтер бар.