"2 наурыз күні таңертең Алматы облысына қарасты Алакөл ауданының Үшарал қаласында жеке тұрғын үйдегі қатты отынмен жанатын пештегі ақау салдарынан 7 адам, оның ішінде 2013 және 2018 жылы дүниеге келген екі бала иіс тиіп уланып қалды. Жедел жәрдем көлігінде 1962 жылы дүниеге келген азамат көз жұмды, қалған 6 адам ауруханаға жеткізілді", - деді ол.
12:53, 02 Наурыз 2019
Үшаралда иіс тиген азамат жедел жәрдем көлігінде көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысына қарасты Үшарал қаласында 7 адам иістен уланып қалды. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.