Ұшатын робот жасалып шықты - ВИДЕО

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Неміс әуе-ғарыш орталығының зерттеушілері IROS 2013 көрмесінде өздерінің бірден-бір ерекше жұмыстарын паш етті. Бұндай ұшатын роботтың бір артықшылығы - қолының бар екендігінде. Яғни, «қолы бар, ұшатын робот» көпшілік таңданысын тудыруда, деп жазады massaget.kz сайты 24gadget.ru cайтына сілтеме жасап.

Әзірге бұл роботқа нақты бір атау берілген жоқ. Робот тікұшақ құрылғыларының жетістігі арқасында жетілдірілген. Бір жүйеге келтірілген құрылым тетіктері өздігінен және түрлі нысаналардың өзара әрекеттесуінен қалыпты қызмет атқарады. Бұндай құрылғының ең қиын жері ауадағы тұрақсыздығы болса керек.