Үшінші мыңжылдықтың басынан бері бақытты ресейліктердің саны 3 есе өсті - қоғамдық пікір
Зерттеулер қорытындысымен сұрау салынғандардың 38 пайызы өздерін бақытты сезінетінін мәлімдеген, 1999 жылы бұл көрсеткіш 12 пайыз ғана болатын. Ал бұл орайда өздерінің тұрмысына риза емес адамдар саны 2012 жылдың наурызында 1 пайыз болған, 1999 жылы осындай сауалнамада мұндай адамдар 2 пайыз көлемінде болатын.
«Респонденттердің негізі 35 жастан кіші жастар. Сондай-ақ астанадағылар мен ауылдық елді мекендегілердің туыстарымен қарым-қатынастарына риза адамдар дәрежесі тең болып отыр», - делінген әлеуметтанушылардың хабарламасында.
Зерттеу орталығының атап өтуінше, азаматтық некеде тұрғандардың 24 пайызы өздерінің бақытты екенін атап көрсеткен, ал 55 пайызы отбасылық қарым-қатынастарының қанағаттанарлық екенін айтқан. Ресми түрде үйленгендер мен некеде тұрмайтындардың өз өмірлеріне қанағаттану дәрежесі бірдей болған.
Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының сауалдамасы 31 наурыз бен 1 сәуір күндері өткізілген. Оған Ресейдің 46 аймағынан 1,6 мың адам қатысқан.